Сиднейдегі жағажайлар қайта ашылды
Жұртқа суға жүзуге, жүгіріп, серуендеуге болады. Бірақ жағажайда құр отыруға тыйым салынған. Сондай-ақ 2 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ және міндетті түрде 1,5 метр арақашықтық сақталуы тиіс. Жергілікті тұрғындар биліктің бұл шешімін қуанышпен қабылдады. Бірден жағажайға жиылып, биліктің ескертпелерін әзірге сақтауға тырысып жатыр.
Даниела Бенусси, жергілікті тұрғын:
- Жағажайды ашу керемет идея болды. Біз мұны ұзақ күттік. Теңіздің таза ауасымен тыныс алу, күнге шығу – мұның бәрі коронавируспен күреске өз пайдасын тигізеді деген сенімдеміз. Ең бастысы – тұрғындар биліктің ескертулеріне құлақ асып, сақтық шаралары жайлы ұмытпаса болды.