Енді Түркі мемлекеттері ортақ экономикалық мәселелерге басымдық береді
Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері елордада бас қосты. Алдағы уақытта зерттеу орталықтарын байланыстыратын арнайы желі құру көзделіп отыр. Сарапшылар «Түркі әлемі-2040» даму стратегиясы бойынша экономиканы тереңірек зерттеуге күш салынатынын айтты. Тиісінше ынтымақтастық нығая түседі. Азия елдері ұйымы да бұл бастамаға ат салысуға ниетті.
Қайрат Сарыбай АӨСШК бас хатшысы:
-Қазіргі таңда әлем қатынастары бір-біріне тығыз байланысты. Егер экономикалық даму мәселесі бар болса, онда жалғыз ел өзінің экономикалық дамуын қамтамасыз етуі әбден мүмкін емес. Сондықтан халықаралық ынтымақтастық әсіресе экономикалық мәселелерде бұл көкейтесті мәселе. Байланыстар неғұрлым көбірек дамыса соғұрлым мемлекеттердің экономикалық даму өсе береді.