Ресейдің Алтай өлкесінде өрт аумағы 5 мың гектардан асты
Өртті сөндіруге ұшақтар тартылып, орман шаруашылығы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылған. Өртті ауыздықтауға ыстық ауа райы мен күшті жел кедергі келтіріп тұр. Өрттің тұтануына найзағай себеп болды деген болжам бар.