Анкарада «Абылай хан мен батырлары» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Баянғали Әлімжановтың туындысы алғаш рет түрік тілінде жарық көрді. Тұсау кесер шарасы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылды. Шығарма Шоқан, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сынды ұлы тұлғалар жазып қалдырған аңыз-әңгімелерге негізделген. Онда Сабалақтың ер жетіп, Абылай хан тұлғасының қалыптасуы түрлі иллюстрациямен түсіндірілген. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған шараға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен Түркиядағы отандастарымыз қатысты. «Кітап бұған дейін бірнеше тілге аударылған.