Ел аумағында 42 градус аптап ыстық болады

  • 29
  • 18.06.2025, 18:42

Елімізде бірнеше күннен бері күн қатты ысып тұр. Синоптиктердің айтуынша, орталық өңірлерде ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік-шығыста сынап бағанасы 42 градусқа дейін баруы ықтимал. Мамандар мұндай құбылысты жаһандық жылынумен байланыстырады. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларын ескерткені жөн. Синоптиктер елдің үш ірі қаласына қатысты болжаммен де бөлісті. Оған сәйкес, ауа райы құбылмалы болады.

Мәселен, Атанада ауа температурасы +26, 28 градусты көрсетеді. Сондай-ақ найзағай ойнап, жауын, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Ал Алматы мен Шымкент қалаларында 37, 39 градусқа дейін ыстық болады.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК Қысқамерзімді ауа райын болжау бөлімінің жетекші инженері:

- Алдағы күндері ел аумағына фронтальді бөліктер әсер етеді. Жауын-шашын мен найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстігінде 19-20 маусымда солтүстік – батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі уақытта ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі. Ауа темперетурасы 20 – 28 градусқа дейін төмендеп, жайлы болады.