Елдің кей аймағында күн күрт суытады

  • 11
  • 05.09.2025, 19:57

Қазгидромет мамандары осылай деп болжап отыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында үсік жүреді. Сынап бағанасы -1° градусқа дейін төмендеп, топырақ беті қатады. Ал батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бұршақ түсуі де мүмкін. Жалпы республиканың барлық аумағында жел күшейеді. 

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Солтүстік батыста, солтүстІкте, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Елдің солтүстік батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.