Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
- Алдағы 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық фронтальді бөліктерінің әсерінде болады. Соның салдарынан жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Елдің Солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады. 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Фархад Мойынов, Есіл ауданы өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы
- Қар жинау және шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есіл ауданы бойынша барлығы 500-ге жуық жұмыскерлер жұмылдырылған. 300-ге жуық арнайы спецтехникалар жұмылдырылған. Тротуарларда мұз пайда болды. Оның алдын алу қазір жүргізіліп жатыр. Мұз еріп кетуі үшін реагент сеуіп жатырмыз.