Осыған орай Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады. Сондай-ақ мамандар: «Алдағы желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында күн райы жиі құбылса да қыс жайлы болады», - деп отыр. Жауын-шашын мөлшері де климаттық норма шамасында. Бірақ кей кездері бұрқасын, екпінді жел тұруы ықтимал. Метеорологтардың мәліметінше, желтоқсан айы жылы болады, тек алғашқы онкүндігі аязбен аяқталады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -23-28 градус аяз болса, күндіз -13-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал қаңтар айында республика аумағының басым бөлігінде ауа райы да, жауын-шашын мөлшері де қалыпты болады.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК Ұзақмерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы:
- Ақпан айы қызыл түспен белгіленген, климаттық нормадан 1-2 градус жоғары, әдеттегіден жылы. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында. Енді бұл адын ала консультативтік болжам. Уақыт өте келе мына желтоқсан айы 10 күндік болжамдармен нақтыланады.