Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?

  • 32
  • 01.12.2025, 18:39

Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай қаласында ауа сапасының нашарлау ықтималдығы жоғары.

Сонымен қатар алдағы екі күнде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Мәселен, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұрқасын, көктайғақ болжанған.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Болжамға сәйкес, 2 желтоқсан күні ауа температурасының күрт төмендеуі Шығыс Қазақстан облысы мен Талдықорған қаласында күтіледі. Өскемен қаласында түнде -10, -12 градус, күндіз -3, -5 градус болады. Семей қаласында түнде -5, -7 градус, күндіз -1, -3 градус күтіледі. Қостанай, Қарағанды, Жезқазған қалаларында түнде аяз күтіледі: -2, -5 градусқа дейін. Сондай-ақ Қызылорда мен Түркістан қалаларында да түнде аяз болады.