Елімізде күн райы күрт құбылады

  • 96
  • 11.02.2026, 21:59

Арқада аяз ақырып тұр. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, күн райы күрт құбылады.

Астанада қазір 30 градус аяз. Абай облысы мен Шығыс Қазақстанда түнде секундына 30 метр жел соғады. Жетісу, Түркістан облыстарында да боран ұйытқиды. Сонымен қатар көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. 

Кәмшат  Катауф, «Қазгидромет» РМК жетекші маманы:

- Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс ацеклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.