Тұман мен көктайғақ : 16 өңірдің тұрғындарына ескерту жасалды

  • 390
  • 13.02.2026, 21:57

«Қазгидромет» мамандары 16 өңірдің тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады. Алматы, Шымкент, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады. Ал Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау өңірлерінде тұман болжанып отыр. Бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Атмосфералық фронттар елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына әсер етеді. Сол себепті бұл аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК жетекші маманы:

- 15 ақпаннан бастап Қазақстанның батысына солтүстік-батыстан циклон жылжиды. Ол шығысқа қозғала отырып, жаңбыр мен қар жауады, желдің күшеюі байқалады, сондай-ақ температура бүкіл елде біртіндеп көтеріледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ құбылыстары және тұман күтіледі.