Қазақстанда ауа райы күрт суытады

  • 15
  • 24.04.2026, 21:58

Қазақстанда ауа райы күрт құбылмақ. 25-27 сәуір аралығында Татарстан үстінен келетін циклон еліміздің басым бөлігінде тұрақсыздық тудырады. Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстік аймақтарда жауын-шашын қарға ұласуы мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел мен бұршақ күтілуде. Әсіресе демалыс күндері батыс, орталық және шығыс облыстарда түнде ауа температурасы 2 градус аязға дейін төмендеп, үсік жүреді. Сондықтан мамандар жолға шығарда сақ болуды ескертеді.