14 шілдеде Астанада қатты ыстық болады

  • 15
  • 13.07.2026, 19:34

14 шілде Астанада ең ыстық күн болады деп күтілуде.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа температурасы 39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал екі күннен кейін еліміздің солтүстік өңірлерінде аптап ыстықтың беті қайтады. Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 25-30 градус шамасында болады. Дегенмен еліміздің оңтүстік өңірлерінде ыстық сақталады. Ең жоғары температура Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күтіледі. Бұл өңірлерде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында және өзге де аймақтарда қатты ыстық сақталады. Аптап ыстықпен қатар синоптиктер шаңды дауыл, қатты жел, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертеді.