Алдағы екі күн бойы елімізде ауа райы құбылмалы болады.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Елдің орталығы мен шығысында +18...+30°C болса, батыс өңірлерде 38 градусқа дейін ысиды. Аптап ыстық Маңғыстау облысында да сақталады. Кей жерлерде ауа температурасы +41°C-қа дейін көтерілмек. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28...+35°C аралығында болады. Сонымен қатар синоптиктер жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескертеді.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
- Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27 +35 градус болады. Қостанай облысында +20 +30 градус болады. Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +17 +22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30 +37 градус аралығында болады.