Қыркүйектің соңында солтүстік өңірлерде жауын қарға ұласуы мүмкін

  • 1
  • 08.09.2026, 18:41

Елдің бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, қыркүйектің басында елдің батысы мен оңтүстігінде жаздағыдай ыстық сақталады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жауын-шашын түседі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласып, жел күшеюі мүмкін.

Әсіресе, айдың екінші және үшінші онкүндігінде күндізгі температура 20-30 градустан 8-17 градусқа дейін төмендейді. Түнде ауа температурасы минус 3 градусқа дейін түсіп, үсік жүруі ықтимал, қыркүйектің 20-сынан кейін солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбырдан соң қар жаууы мүмкін. Бұл Арктикадан келетін суық ауа ағындарының енуіне байланысты, мамандар таулы аймақтарда түнде және таңертең алғашқы қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін екенін ескертеді.