Еліміздің басым бөлігінде күн қайта жылынады

  • 5
  • 02.09.2026, 19:46

Жылы киімдеріңізді шығаруға асықпаңыз, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн қайта жылынады. Кей өңірлерде ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі. Ең жылы ауа райы батыс пен оңтүстікте болады. Мұнда күндіз 33 градусқа дейін ысиды. Қалған өңірлерде ауа температурасы 20-30 градус аралығында болады. Бірақ кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшеюі мүмкін.

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны баспасөз хатшысы:

- Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа райы салқындайды. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы 10-15 градус болады.