Хабар телеарнасы

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаға дайындалып жатыр. Өңір жаңалықтары

Алматы қаласының оқушылары Баку және Мәскеу қалаларында өтетін Олимпиядаға дайындалып жатыр. Білім додасында информатика, химия, физика пәндерінің үздіктері бақ сынайды.

«Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Карімғажының айтуынша, былтыр 600-ден астам оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен. Ал республикалық жарыстарда қала командасы 63 медаль иеленіп, «2024 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атанды.

Қарағандыда «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген ерекше байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған.

7 номинация бойынша үздік деп танылғандардың қатарында ұстаздар мен дәрігерлер және еңбек адамдары бар. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. 

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 20 мекеме 200-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынған. Өңірде жүк көлігінің жүргізушісі, электрик, сантехник және механик сынды жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары.

Жыл басынан бері қалада мұндай жәрмеңке екі рет ұйымдастырылып, 67 адам екі қолға бір күрек тапқан.