Генеративті жасанды интеллектінің бизнес пен мемлекеттік басқару ісіне әсері қандай? Бұл мәселе шетелдік сарапшылар мен IT саласының мамандары бас қосқан конференцияда талқыланды. Жиында жасанды интеллектінің адамды алмастыра алмайтыны аталып өтті. Бірақ экономика, кәсіпкерлік саласы мен мемлекеттік қызмет көрсетуде тиімділігі зор.
Нұрбек Садықов, сарапшы:
-Сол сервистерді мемлекеттік органда қалай ұқыпты пайдалануға болатыны жайлы көптеген қызықты инсайдтар беретін боламыз. Себебі мемлекетіміздің Президентінің тапсырмасы бойынша жасанды интеллектіні біз әрбір салаға енгізуіміз тиіс. Сол жайлы қалай жасанды интеллектіні процестерді автомизацияландыру үшін, құжаттарды өңдеу үшін қолдануға болатыны жайлы ақпараттар береміз.