Елімізде оқушыларға арналған алғашқы тегін ЖИ-көмекші іске қосылды

  • 84
  • 18.04.2025, 19:21

Елімізде оқушыларға арналған алғашқы тегін жасанды интеллект-көмекші іске қосылды. Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, онлайн құрал оқушыға сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде оның қайда тұратыны, отбасылық жағдайы маңызды емес. Платформа бұған дейін бірнеше мектепте сынақтан өткізілген. Енді оның авторлары жобаны барлық білім ошағына енгізуді жоспарлап отыр. Жасанды интеллект-репетитор оқушының сұранысына қарай бейімделеді. Мәселен, бала математикадан шаршы теңдеулер тақырыбын таңдады дейік. Дәл осы сабақты жасанды интеллект тәжірибелі мұғалім сияқты түсіндіріп береді. Сондай-ақ оқушының қай мамандыққа бейім екенін анықтайды.

Қасым Бағлан, жоба жетекшісі:

- Ең басты мақсат олқылықтарды анықтау ғой. Әрине кәсіптік бағдарламада  қарастырылған Оқушы ЕНТ бойынша тест өтетін болса қатемен жұмыс жасаған кезде біз қосымша дайындалуға мүмкіндіктер береміз. Қосымша тестілеу, қосымша курс табысталады. Содан кейін оқушы таңдаған пән бойынша қандай университетке, қандай баллмен түсу мүмкіндігін көреді. кәсіптік бағдар жұмысын да жасап береді мектеп әкімшігіне.