Қазақстан Халқы Ассамблеясының тағы бір жемісі - жас ғалымдар клубы. Өткен жылдың қазан айында ашылған клуб ғылыми-сарапшылар кеңесінің құрамына кіреді. Қазір онда 120-ға жуық ғалым еңбек етеді. «Клубтың басты мақсаты - көпұлтты мемлекетіміздегі этносаралық қатынасты зерттеп, ұлтаралық келісімді нығайту»,– дейді әлеуметтанушы Эльмира Отар.
Эльмира Отар, ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесі жас ғалымдар клубының тең төрағасы:
-Қазақстандағы этностардың жағдайы, олардың қалыптасуы, дамуы, болашағы туралы пікір алмастыратын орта құрылды. Мысалы, зерттеулерге келер болсақ, бірегейлік мәселесі қазір өзекті. Этностардың құндылық мәселесі. Азаматтық бірегейлік пен этникалық бірегейліктің айырмашылығы деген сияқты. Интеркультурализм деген сияқты сондай күрделі мәселелерді зерттеп жүрген бізде ғалымдар бар.