Астанада жасанды интеллект конференциясы басталды

  • 34
  • 09.05.2025, 18:40

Астанада жасанды интеллект және робототехника бойынша халықаралық конференция жұмысы басталды. Оған әлемнің 18 елінен ғалымдар қатысып, инженерия мен биоэлектроникадағы инновацияларды талқылап жатыр. Жасанды интеллектті денсаулық сақтау саласында қолдану барысына да назар аударады. Соның ішінде диагностикалау ісіндегі, телемедицинадағы тың жаңалықтар айтылмақ.

Белігілі болғандай, еліміздегі медициналық технологиялар нарығы 747 миллион АҚШ долларынан асады. Үш күнге созылатын конференцияда көптеген тақырып қамтылып, жүздеген зерттеу жұмысы жария етіледі. 

Прашант Джамвал, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры:

- Біздің жетістігіміз көп. Оңалтуға арналған роботтық құралдарды құрастырдық. Хирургиялық жабдықтар да жасадық. Оның арасында тепе-теңдікті сақтауға арналған құрал да бар. Бұның барлығы Назарбаев Университетінде медициналық робототехникалық зерттеулер өткізетін орталықта іске асты.