«Қазақстан мен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі». Осы тапқырыпта Астанада халықаралық конференция өтіп, тарихшылар мен зерттеуші ғалымдар, ғылыми мекемелердің басшылары Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында елімізде болған оқиғалар мен жеңіс үшін атқарылған маңызды істерді баяндады.
Халықтың жауынгерлерді азық-түлік және киім-кишекпен қамтудағы ерен еңбегі, жау қолына түспес үшін эвакуацияланған зауыт-фабрикаларды құрып дамытуы, білім мен өнерді өркендетуі – зор мақтаныш,- деді. Дегенмен бұрыңғы идеологиялық сарында ұрандатпай, тек ғылыми тұрғыда сараланған деректерге баса мән беру керектігі сөз болды. Мәселен, майдан мен тылдағы қиын кезеңдер туралы куәгерлерден тарихи деректерді жазып алу қажеттігі де айтылды. Сондай-ақ ерлік жасаса да, есімі бүгінге дейін мойындалмаған қазақстандықтар әлі де бар көрінеді.
Мақсат Алпысбес, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Соғыс жылдарында батыр атағына ұсынылған, бірақ батыр атағын ала алмай қалған Қазақстан жауынгерлерінің шамаменен 300-ден астам құжаттары архивтерде сақталуы мүмкін деген дерек бар. Сондықтан қазір осындай жоба қолға алынып, архивтерде ерлік көрсеткен жауынгерлердің есімдері анықталып жатыр. Олардың ерлігін жан-жақты зерттеп, толық ғылыми еңбек жазу қажеттілігі туындап отыр.