Астанада интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жедел профилактикалық іс-шара басталды. Ол үш күнге ұласады. Мақсат - хабардар ету арқылы халықты сақтандыру. Биылдың өзінде елорда 610 қылмыстық іс тіркеліпті. Азаматтарға келтірілген шығын көлемі 340 млн теңгеден асқан. Ал еліміз бойынша 14 мыңнан астам интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Залал көлемі шамамен 6 млрд теңгеден асыпты. Тәртіп сақшылары арнайы науқан аясында мектеп, жоғарғы оқу орындары, сауда нүктелері мен еңбек ұжымдарына барып, түсіндіру жұмыстарын өткізуде.
Нұрлан Берікбаев, Полиция департаментінің аға жедел уәкілі:- Әр адамның өзінің шығыны әртүрлі. Мысалы, 50 мың теңгеден басталады. Ең көп болғаны 25-30 млн теңге жоғалтқан, адамдар зардап шеккен. Яғни дропперлерге белгісіз шоттарға жіберген. 2025 жыл басынан бастап 130 адам ұсталды. Дропперлерде бар оның ішінде. Сайттың қылмыскер алаяқтар ұсталғаны бар. Әртүрлі адамдар бар. Мысалы, Ресей азаматтары ұсталғаны бар бізде. Басқа Қырғызстанның азаматтары бар ұсталған алаяқтықпен.