Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтті

  • 136
  • 13.05.2025, 18:38

Астанада оқушылар арасында робототехникадан халықаралық чемпионат өтті. Биыл алғаш рет жарысқа АҚШ делегациясы қатысып, өз жобаларын ұсынды. Сонымен қатар Болгария, Әзербайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы және Тәжікстаннан келген 25 жас өнертапқыш бақ сынады. Еліміздің түкпір-түкпірінен 9 бен 17 жас аралығындағы 500-ге жуық оқушы қатысуға ниет білдіріп, оның 350-і ақтық кезеңге жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша екі үздік оқушы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантын алса, тағы бір қатысушы Алматы энергетика және байланыс университетінде тегін білім алу құқығына ие болды. Сондай-ақ «Үздік ауылдық команда», «Үздік шетелдік команда» және «Үздік инженерлік шешім» номинациялары бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Олжас Айтжанов, робототехника мектебінің бөлім жетекшісі:

- Бүгінгі біздің сайысымыз «Robotek Grand Tournament» халықаралық робототехникалық ең беделді жарыстардың бірі болып табылады. Осы жарыс бізде төртінші рет өткізілгелі жатыр. Соңғы екі жылда халықаралық деңгейде беделді бір жарыстардың бірі. 

Қайсар Кәберов, 6-сынып оқушысы:

- Алдыңғы жылы мен облыстан бірінші орын алдым. Содан кейін маған Астанаға жолдама берілді, соған келіп жеттім. Мен өз робототехникамды қатты жақсы көремін. Ол кубик алған сайын ұпай жинай береді, мен оған қатты қуанамын.