Елімізде жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Белгілі болғандай, биыл 217 мыңдай түлек оқу бітіреді, оның 183 мыңы ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген. Өткен жылмен салыстырғанда тестке қатысушылар саны 30 мыңға артық.
Жалпы емтихан 16 мамыр мен 7 шілдеге дейін еліміз бойынша 46 аймақтық орталықта өтеді.