Елордада студенттер арасында халықаралық инновациялық байқауының Орталық Азия аймақтық кезеңі мен «Қытай – Орталық Азия» жастар лагері өтіп жатыр. Байқауға 32 стартап жобасы ұсынылды. Қазақстандық студенттер ауыл шаруашылығын дамыту бағытында 4 жоба әзірлеген. Сонымен қатар Қытай, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Түрікменстаннан арнайы сарапшылар келді. Жарыс нәтижесі бір айда белгілі болады. Доданың шешуші кезеңі Қытайда өтеді. Жалпы бұл байқауға соңғы 10 жылда 153 елден 20 миллионнан астам студент қатысқан.