Жуырда елде Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылады.
Ол денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызметтер сияқты барлық саланы цифрландыруға оң әсер етеді. Бір мезетте миллиондаған есепті орындауға қауқарлы. Ғылым мен медицинада жылдар бойы зерттелетін мәліметті суперкомпьютер бірнеше сағатта, тіпті минутта өңдеп шығады. Ғалымдар оны дәрі-дәрмек әзірлеу, жаңа технология жасау сияқты түрлі бағытта қолдана алады.
Марал Берік, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту басқармасының сарапшысы:
- Суперкомпьютер цифрлық трансформацияға себепші болады деген сенімдеміз. Ол ұлттық жасанды интеллект платформасымен біріктіріледі. 2-3 айдан кейін алғаш рет іске қосамыз. Ал оған дейін дайындық жүруде.