Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Құқықтық сауаттылықты арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған білім бәйгесіне мемлекеттік қызметшілерден құралған 6 команда қатысты. Олар заңнама, мемлекеттік қызметшінің этикасы, жемқорлыққа қарсы шаралар тақырыбында білімін сынады. «Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіп аясында жұмыс істеуіне ықпал етеді»,– дейді ұйымдастырушылар.
Нұрлан Жахин, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
-Жалпы мемлекеттік қызметші, бұл тек қана жауапкершілік емес. Ол Мемлекет басшысының айтқан «Заң және тәртіп» қағидаттарын ұстануды, берік ұстануды талап етеді. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған брейн-ринг шарасының басты мақсаты – біздің мемлекеттік қызметшілеріміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімін нығайту, дүниетанымын арттыру.