Елордада инклюзивті топ түлектері үздік дипломмен марапатталды

  • 858
  • 20.06.2025, 18:42

Іске асқан асқақ арман! Инклюзивті топта төрт жыл оқып, «дене тәрбиесі және спорт» мамандығын меңгерген жандар қолдарына диплом алды. Олар Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тамамдап отыр.

Сегіз түлектің алтауы оқу орнын үздік аяқтады. Олардың қажеттілігіне орай университет тарапынан барынша жағдай жасалған. Нәтижесінде инклюзивті білім беру ісінде тың тәжірибе қалыптасты. Енді бұл жұмыс әрі қарай жалғаспақ. Ал түлектердің кейбірі қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан.

Мұрат Өсербайұлы, түлек:

- Біз өте қуаныштымыз. Біріншіден, негізі білім бізге керек. Екіншіден, қазір мүгедек балаларға, қыздарға жақсы көңіл бөлді. Білім болса, ол ғылыми көзқарас. Бізде көп балалар Алла бұйырса жаттықтырушы болады және мектепте сабақ беріп жатыр. Екі бала паракаратэден мен цигун нұсқаушымын.