Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиаданың үшінші кезеңіне өтті

  • 24
  • 25.06.2025, 18:39

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиаданың үшінші кезеңіне өтті.

Kangaroo Global Linguistics  8 бен 17 жас аралығындағы оқушыларға арналған ағылшын тілінен халықаралық олимпиада. Оған еліміздің 2 мың 700-ге жуық оқушысы тіркелген.

Алғашқы іріктеуден тек 530 бала өтсе, екінші кезеңде соның 15-і үздік нәтиже көрсеткен. Ең жоғары ұпай жинаған 4 оқушы Грекияның Салоники қаласында өтетін ақтық сында бақ сынайды. 

Манат Еркінқызы, ұйымдастырушы:

- Балалардың барлық қатысу ынтасын көргеннен кейін, енді бұл шараны жыл сайын өткізуге ниеттіміз. Халықаралық ұйыммен меморандумға қол қойып, серіктестік орнаттық, сондықтан осы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырамыз деп жоспарлап ойлаймыз.