Шымкентте «Келешек мектептері» білім сапасын арттырды

  • 76
  • 15.07.2025, 18:46

Шымкентте «Келешек мектептері» жобасы аясында жаңаша білім алған оқушылардың қабілет-қарымы жақсарды.

Таңдамалы пәндер арасында жүргізілген тестілеу қорытындысы бойынша балалардың білім деңгейі 61,5%-тен 65,2%-ке дейін өскен. Сала мамандарының пайымынша, аз уақытта айтарлықтай нәтижеге теориялық білімді тәжірибелік іліммен ұштастыру әсер еткен. Сонымен қатар оқушының қызығушылығына заманауи құралдар мен ІТ технология, робототехника сыныптары серпін берді. Өңірде «Келешек мектептері» жобасымен 11 нысан салынып, 12 мыңға жуық оқушы жаңартылған білім беру бағдарламасымен қамтылған. 

Биыл Таскен тұрғын алабында тағы 1200 орынға арналған жаңа мектеп қолданысқа беріледі. 

Ақжарқын Тұрсынова, қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл мектептерге конкурстық жүйеде оқушылар да, мұғалімдер де қабылданды. Бізде 805 мұғалім сабақ беруде. Мұғалімдеріміздің сапалық құрамы 35%-ті құрайды. Мемлекеттік стандарттағы берілген бағдарламаларды тереңінен түсінгеннен кейін білім сапасының бірден-бір көтерілуіне әсер етті.