Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

  • 1886
  • 22.07.2025, 18:52

Биылғы білім гранттарынан үміткер саны 113 мыңға жетті. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары мәлімдеді. Негізі 2025 жылы бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант қарастырылған. Оның басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мың 412 грант қарастырылды. Атырау және Маңғыстау облыстарының түлегі үшін 2,5 мың мақсатты білім беру гранты белгіленген. Айта кетейік, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.