Павлодарда жаңа оқу жылында 1 мың 200 оқушы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған алғашқы мектепке барады. «Достық» шағын ауданында бой көтерген бұл білім ордасы шәкіртін қабылдауға дайын. Мектептегі инновациялық сынып, заманауи зертхана, цифрлық технология мен қауіпсіз орта оқушының алаңсыз білім алуына қажет барлық жағдайды қамтамасыз етеді. Білім ордасының аумағы да кең. Сыныптардан бөлек, шеберханалар, хореография және акт залы мен асхана бар. Мектеп ауласында бүтін бір спорт қалашығы орналасқан. Мұнда футбол, баскетбол, хоккей алаңдары бар. 152 бейнебақылау камерасы да орнатылған. Жобаның жалпы құны 6,5 миллиард теңге.
Айнұр Бекбаева, Павлодар қаласы №48 мектеп директорының міндетін атқарушы:
-Біз 1 қыркүйекте балаларды қарсы алуға дайынбыз. Енді келешек мектептің ерекшелігі неде? Біріншіден ол заманауи, халықаралық стандартқа сай. Мектепте 53 оқу кабинеттері бар. Әрбір кабинет керекті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Онымен қатар ағылшын тілі, информатика, орыс тілі кабинеттерін бөліп оқытуға, лабораториялық кабинеттер, оның ішінде химия, физика, биология, STEM зертханасы, робототехника кабинеттері.