Қазақстандық оқушылар ЖИ бойынша халықаралық олимпиадаға қатысады

  • 34
  • 23.07.2025, 18:40

Қазір AI Olymp бойынша іріктеу кезеңдері аяқталып, ұлттық құрама жасақталды. 700-ге жуық үміткер қатысып, ең мықты деген 12 бала таңдап алынды. Олар тамыз айында Бейжіңде өтетін халықаралық олимпиадада бақ сынайды. Сол арқылы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытатын болашақ мамандар әзірленеді. 

Әлібек Сайланбаев,  ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары:                  

-Оған қоса тағы біз министрлік мемлекеттік қызметшілерге арналған ЖИ курсын бастадық. Мамыр айында бастадық. Қазір 16 мыңнан астам мемқызметші курстарды өтті. Жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін 30 мыңдай мемқызметші осы курстан өтеді деп ойлап жатырмыз.