«Мансап компасы» оқушыларға мамандық таңдауға бағыт береді

  • 69
  • 25.07.2025, 18:52

Мектеп оқушыларына мамандық таңдауға бағыт беретін арнайы платформа әзірленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Асқар Биахметовтың сөзінше, «Мансап компасы» сайтында қазіргі таңда сұранысқа ие 744 мамандық туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ бұл платформада оқу орындарының бағдарламалары, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, кәсіптер мен аймақтар бойынша орташа жалақы туралы мәлімет бар. Бұл жастардың қоғамға қажет мамандық таңдауына, еңбек нарығында сұранысқа ие маман боулына жәрдемдеседі. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтары жылы аясында платформада жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларын кәсіби диагностикадан өткізуге де болады. 

Асқар Биахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:  

- «Мансап компасының» базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 оқушыларын кәсіби диагностикалауға бағытталған жаңа функционал іске қосылды. 25 жылғы қыркүйек айынан бастап кезең-кезеңімен 8 мыңға жуық мектептің 100 мың оқушысын мансап компасының кәсіби диагностикалауға бағытталған жаңа функционалымен қамту жоспарлануда.