Қызылордада кәсіптік білім беру ұйымдарын дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осы өңірде жұмыс сапарымен жүрген сенаторлар колледждердің тыныс-тіршілігімен танысты. Жиында оқу бағдарламасын цифрландыру, жасанды интеллект енгізу жолдары сөз болды. Айта кетсек, жергілікті агротехникалық колледжі жыл сайын 140-тан астам ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындайды.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мына қоғамда жоғары оқу орнын бітірген мамандардан гөрі осындай кәсіптік-техникалық мамандық игерген мамандарға деген сұраныс салыстырған кезде 70% жоғары. Сондықтан болашақта олардың заманауи білім алуына жағдай жасау, жасанды интеллектіні меңгеру, кәсіптік-техникалық салада түрлі жаңа техникалық құрылғыларды меңгеру бағытында жұмыстар жүргізіле береді.