Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады. Ал білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күнін мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Бұған қоса балалардың каникул кезеңдері де нақтыланды. Бірінші тоқсанда балалар 8 апта оқиды. Күзгі каникул 27 қазанда басталып, 2 қарашада аяқталады. Екінші тоқсанда оқушылардың демалысы 10 күнге ұласады. Үшінші тоқсанның каникулы наурыздың 19-ы мен 29-ы аралығында болады. Ал соңғы тоқсанның оқу 8 аптаға созылып, оқушылар 25 мамырда жазғы каникулға шығады.