Павлодар облысында мектеп директорлары жетіспейді

  • 10
  • 04.08.2025, 18:47

Бүгінде өңір бойынша 45 басшылық лауазым бос тұр. Ал 18 мектепті  зейнет жасындағы азаматтар басқарып отыр. Бос орындардың басым бөлігі шалғай ауылдарда.

Мамандардың айтуынша, облыс орталығынан алыс елді мекендерде бәсекелестік төмен, білікті кадрлар тапшы. Мектеп директорларын уақытында тағайындау өзекті мәселеге айналған. Мәселені шешу үшін арнайы байқау жарияланып, іріктеуден өткен 13 үміткер оқыту курсынан өтіп жатыр.

Надира Сүлейменова, облыстық білім басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда облыстық кадрлық резервте 46 кадрлық резервист білім алуда. Өңірде кадрлық резервті жаңарту және сүйемелдеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аясында оқыту-семинарлары, кеңес беру, тәлімгерлік бағдарламалар және басқарушылық құзыреттерді бағалау шаралары ұйымдастырылуда. Жаңа оқу жылына барлық білім беру ұйымдарынының ваканттық орындарына білім беру ұйымының басшыларын тағайындау жоспарлануда.