2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Жалпы саны 113 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Мемлекеттік гранттың 60 пайызы инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінді.
Биыл «Серпін» бағдарламасына қызығушылық білдіргендер көп. Конкурс нәтижесінде 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарында білім алатын болды. Сондай-ақ биыл тұңғыш рет әскери борышын өтеп келген азаматтар 2 мыңға жуық грантқа ие болды.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Су шаруашылығы бойынша былтыр Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. Биылдан оларды қолдап, арнайы квоталарды бөлуді бастадық. Жетім қалған балаларға да толыққанды квота игерілді. Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды бөлек арнайы квоталармен қолдайтын болдық.