Павлодарда 1200 оқушыға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді

  • 15
  • 07.08.2025, 18:41

Павлодарда «Келешек мектептері» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған алғашқы мектептің құрылысы толық аяқталды. 1 мың 200 оқушыға арналған білім ошағы инклюзивті оқыту мен цифрландыру талаптарына сай салынған. Ерекше қажеттілігі бар балаларға жеделсаты, пандус пен тактильді жолақтар жасалған. Мұнда IT және STEM кабинеттері, өнер сыныптары, түрлі шеберханалар мен екі спорт залы бар.

Айнұр Бекбаева, №48 мектеп директорының міндетін атқарушы: 

- Мектеп кең, жайлы, ең бастысы, оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Бұл мектеп 10 блоктан тұрады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары екі түрлі блоктан жеке кіре алады. Соңғы жылы мына біздегі Павлодар қаласында «Достық» мөлтек ауданы қарқынды дамып келеді. Сол «Достық» мөлтек ауданында бір ғана 21-ші ЖОБ мектебі бар. Сол мектепте орын тапшылығы сезілді. Міне, осы орын тапшылығын болдырмау мақсатында, оқушыларды толықтай біліммен қамтамасыз ету мақсатында мектеп салынды.