Жас математиктер әлемдік олимпиадада 54 медаль жеңіп алды

  • 12
  • 07.08.2025, 18:50

Қазақстандық оқушылар математикадан Жапонияда өткен жарыста 54 медаль жеңіп алды. Asia International Math Competition (Азия Интернешинал Маз Компетишн) олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды.

AIMO тарихында алғаш рет 5 құрлықты біріктірген жаһандық додаға әлемнің әр түкпірінен 1,5 мыңға жуық оқушы қатысқан. Қазақстан намысын 62 бала қорғап, соның 54-і жүлдегер атанды. 7 алтын, 20 күміс және 27 қола медаль қанжығалады. Жеңімпаздарды Алматы халықаралық әуежайынан ата-аналары мен ұстаздары күтіп алды. 

Сұлтан Мұрат, AIMO 2025 байқауының алтын жүлдегері: 

- Командамен дайындықты үш ай бұрын бастадық және менің сезімім өте зор, оны таудай үлкен деп айтуға болады. Себебі біз алтын медаль жеңіп алдық, Жапонияға келдік, эмоцияларымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.