Елордада жас ұстаздардың республикалық форумы өтті

  • 13
  • 07.08.2025, 18:47

Еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық жас педагог инклюзивті білім беру мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша дәріс алды. Ауыл мектептерінде 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 40 мұғалім мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары заманауи оқыту әдістерін көрсетті. Форум биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Амандық Снабек, Шоқысу негізгі мектебінің мұғалімі:

- AR, BR деген сияқты дүниелер шығып жатыр. Шетелде қолданысқа еніп кеткен. Қазақстанға толық алып келсек, оқытсақ деген ойдамыз. Вертуалды көзілдірікпен, гаджет арқылы барлығын шынайы етіп көрсетіп, назарларын өзінде бар нәрсемен ұстап қалу. 

Толқын Айдосова, Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығының директоры:

- Форум ауыл мамандарының өзінің кәсібіне деген мотивациясын көтеру, үздіксіз дамуға, ізденіске деген мақсат қою. 18 мыңға жуық жас маман өңірлік форумдарға қатысушы болып келеді. Яғни форум өңірлерде кеңейіп, өткізіледі.