Оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді

  • 11
  • 11.08.2025, 18:30

«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдан жеңіспен оралды. Олар Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 7 жүлдені жеңіп алды.

Бұл робототехника, ғылыми зерттеулер және инновациялық жобалар бағытындағы Азиядағы ірі алаң. Әлемнің 30-дан аса елінен 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналған. Жарыс тақырыбы: «Су асты әлемін зерттеу».

Үш күндік бәсеке нәтижесінде қазақстандық жеткіншектер инженерлік шеберлік, креативтілік және топтық жұмыс бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.