Отандық әдебиеттің таңдаулы 100 кітабы анықталды

  • 14
  • 11.08.2025, 18:48

Таңдаулы 100 кітап. Бүгін үш айға созылған аталмыш сауалнаманың нәтижесі жарияланды.

Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттауды көздейтін жобаға еGov.kz порталында 100 мыңнан астам адам қатысып, дауыс берген. Қорытынды тізімге қазақстандық классикалық шығармалардан бастап, әдеби роман мен повестер, өлең жинақтары, қазіргі заман авторларының да туындылары еніпті. Толық тізімді Ұлттық құрылтайдың ресми сайтынан көруге болады. 

«100 кітап» жобасы – ұлтымыздың болмысын айшықтайтын, қалың оқырманның талғамын қалыптастыратын, келер ұрпаққа рухани бағыт-бағдар болатын маңызды қадам. Сарапшылардың пікірі бойынша бұл жоба қазақ әдебиетін насихаттауға ықпал етіп қана қоймай, кітап өндірісіне де, кітапхана ісіне де тың серпін береді. 

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Біздің қазақтар кітап оқиды деген сөз. Талғап оқиды, іздеп оқиды. Өзіне керек кітапты таңдай біледі деген сөз. Топтама жүре береді деп ойлаймын. Дәл осындай болмағанымен роман, повестен бөлек жанр бойынша таңдасақ, болашақ оқырманға бағдаршам сияқты болады.