Абай облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі білім ошағы іске қосылды. Тағы екеуі жыл соңына пайдалануға берілсе, біреуінің құрылысы биыл басталады. Осылайша, 3 мың орын тапшылығын жою көзделген. Соның бірі Семейдегі Водный кентінде 600 орынға арналған жаңа мектеп. Білім ошағында өткен ашық есік күніне 100-ден аса ата-ана мен 60 шақты оқушы қатысты. Жаңа үлгідегі үшқабатты ғимаратта 28 заманауи оқу кабинеті, аспаздық және тігін шеберханалары бар. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жаңа мектепте барлық жағдай жасалған.
Тілек Сапышев, мектеп директорының міндетін атқарушы:
-Бұл мектептің басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушылары өздеріне арналған блокта білім алады. Бұл ең бірінші олардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Ал орта буын өздерінің жеке блоктары, жеке кіріп шығу есіктері орналастырылған. Бұл балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударады және бейнебақылау камералары шоғырланған. 96 камерамыз бар. Ішкі сыртқы бақылауды толық жүзеге асырады.