Елордада 650-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәлімгері бас қосты. Олар Тамыз конференциясында алдағы оқу жылына дайындық барысын пысықтады. Бұл жолы білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу тақырыбына баса мән берілген. Осы орайда Жапония, Қытай, Түркия, Болгария және Польша елдерінен келген сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ конференция аясында балалар әдебиетінің көрмесі ұйымдастырылды.
Серік Әділбаев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Инклюзиялық білім беру басты бағыттардың бірі болып табылады. Мысалы, сол бағытта цифрландыруды қолдану, жаңадан бағдарламаларды қолдану, сол секілді ЖИ базасында құрылған бағдарламаларды қолдану сияқты тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілетін болады.