1 қыркүйектен бастап «Адал азамат» атты бағдарлама іске қосылады

  • 15
  • 19.08.2025, 18:56

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама іске қосылады. Оның мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтарды тәрбиелеу. Бүгін астанада Тамыз конференциясы аясында панельдік сессия өтіп, құндылықтарды білім беру жүйесіне кешенді енгізу жолдары талқыланды. Педагогтер мен сарапшылар оқушыларды инклюзивті оқыту, креативтілік пен адамгершілікке баулу тәжірибелерімен бөлісті.  Сондай-ақ жиында балалардың оқу процесіне қатысуына ықпал ететін заманауи интерактивті кітаптар да ұсынылды. 

Дидара Алина, баспаның бас директоры:

-Біз бұл салада жұмыс істейтін барлық мамандардың біліктілігін одан әрі арттыратын боламыз. Қазір жасанды интеллект элементтерін де қосудамыз, ол сапаға ықпал етеді. Мемлекет басшысы адал азамат қалыптастыруды тапсырды. Бұл ретте ата-ана тәрбиесі, ортадан бөлек, оқулықтардың ықпалы да зор. Сондықтан барлық аспектілерді ескере отырып, мазмұнды жақсартуға тырысудамыз.