Алматыда жас қаламгерлерге арналған «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» өз жұмысын бастады. Жобаны Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірігіп жүзеге асыруда. Теория мен тәжірибені ұштастыру қашан да маңызды. Әдебиет әлемі де осы қағидадан аттай алмайды. Қаламы қарымды аға буыннан үйренсем дейтін, 60 қыз-жігіттің ішінен 20-сы таңдалыпты. Дәріс оқуға шетелдік ақын-жазушылар да шақыртылған. Талантты жастар одаққа қабылданып, «Әдеби понарама» жобасына қатысуға мүмкіндік алады. Онда бір облыстың қаламгері екінші облыс туралы еркін тақырыпта шығарма жазады. Жеңгендеріне қомақты қаламақы да қарастырылған.
Ғалым Қалибекұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары:
-Елдің тарихы туралы ма, әдебиеті туралы ма, мәдениеті туралы ма, прозалық шығарма ма немесе поэзиялық шығарма ма оны өзінің таңдауы бойынша. Тақырыптың шектеуі жоқ ол жерде. Сондай дүние жазып келе алады. Оны жазғаннан кейін оған үлкен қаламақы төленеді. Оның ешқандай құпиясы жоқ, сол бір шығармаға, бір кітабына 4 млн теңгеден қаламақы алады.
Мұқағали Сейітқазы, жас ақын:
-Оқушы кезінен шығармаларын сүйіп оқыған Бексұлтан Нұржекеев лекция оқыды. Белгілі журналист, қаламгер, әдебиеттанушы Жүсіпбек Қорғасбек ағаның лекцияларын тыңдадық. Одан бөлек мынау Тіл білімі институтының мамандары, философия, саясаттану институтының мамандарымен пікір алмасып жатырмыз.