Шымкенттік талапкерлер үшін қосымша 285 грант бөлінді

  • 67
  • 26.08.2025, 18:52

Шымкенттік талапкерлер үшін қосымша 285 грант бөлінді. Тегін оқу мүмкіндігі республикалық конкурстан өте алмаған білімді жастарға екінші жыл қатарынан ұсынылып отыр. Іріктеу кезіңінде әлеуметтік осал топ пен мүгедектігі бар түлектерге де үстемдік берілді. Жергілікті бюджет есебінен оқытылатын студенттерге шәкіртақы төленіп, жатақханамен қамтылады. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру тапсырылған болатын. Соған сәйкес «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қажетті кадрлар тізімі жасақталды. Биыл инженерлік-техникалық, өңдеу және құрылыс салаларына басымдық берілді. Ақпараттық-коммуникалар мен ауыл шаруашылығы мамандықтарына квота көптеп бөлінді. Басты шарт оқуын тәмәмдаған жас маман, өңірдің дамуына үлес қосуы керек. 

Сәрсен Құранбек, қала әкімдігінің ресми өкілі:  

-Комиссия осыған дейін барлығын талқылау үшін 4 рет жиналды. Егжей-тегжейлі талқылады. Қай мамандықтар керек екенін сала мамандарын шақырта отырып, мәніне, мағынасына, байыбына бара отырып бекіткенін айтқымыз келеді.