Биыл Жамбыл облысындағы 32 колледжге 7 мың 407 грант бөлінді. Оның басым көпшілігі техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарындағы 66 мамандыққа арналған. Мәселен, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжіне қабылданатын 205 мектеп бітірушінің барлығы мемлекеттік грант есебінен тегін оқиды. Білім ошағында кондитер маманы, дәнекерлеуші, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсетуші сынды жұмысшы мамандар даярлайды.
Дәурен Түменбаев, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің директоры:
-Мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарына көңіл көптеп бөлініп келе жатыр. Оқу тегін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде. Бір реттік ыстық тамақпен қамтылады. Сонымен қатар алыс шалғай ауданнан келген студенттер. Жатақханамен қамтамасыз етіледі.
МӨЛДІР ТҰРҒЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Жұмыс табу оңай. Менің қызым осы колледжді бітірді кондитерлікті, қазір кондитер болып жұмыс істеп жатыр. Өз мамандығы бойынша. Бұл мамандықта істеген адамдар жұмысты оңай табады. Өйткені ең керек мамандық қой. Енді мен екінші қызымды әкеліп отырмын осы колледжге. Цехтарын көрдім ұнады ойымнан шықты. Шеберхананың бәрі жақсы, асханасы, жататын жері бәрі жақсы.